Қазақстан ғылымы мен техникасы
search Табу
ЕКІ ЕРКІНДІК ДӘРЕЖЕСІ БАР ГИБРИДТІ ИІНДІ ПРЕССКЕ АРНАЛҒАН СЕРПІМДІ БАЙЛАНЫСЫ БАР ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІН БАСҚАРУ
Аннотация
Бұл мақалада екі еркіндік дәрежесі бар гибридті қосиінді пресс құрамында қолданылатын серпімді байланысы бар электрмеханикалық жетекті басқару мәселесі қарастырылады. Мұндай пресс түрлері жетібуынды механизмнің кинематикалық құрылымын және жоғары дәлдіктегі сервожетектерді біріктіріп, технологиялық талаптарға байланысты ползун қозғалысының бейімделгіш заңдарын жүзеге асыруға және жүріс профилінің оңтайлы қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Электромеханикалық бөліктің динамикасын сипаттау үшін жетек пен механизмнің атқарушы буыны арасындағы байланыстыру білігінің серпімді қасиеттерін ескеретін, инерциясы бөлінген модель қолданылады. Өзгермелі жүктемелер жағдайында да қозғалысты тұрақты және дәл орындауға мүмкіндік беретін, күй бойынша кері байланыс негізінде реттегішті синтездеу тәсілі ұсынылған. Зерттеу нәтижелері зертханалық стендте жүргізілген сандық модельдеу және эксперименттік зерттеулер арқылы дәлелденді. Серпімді тербелістерді компенсациялауға және параметрлік бұзылыстар жағдайындағы тұрақтылыққа ерекше назар аударылды. Алынған нәтижелер айнымалы технологиялық жүктемелер жағдайында жұмыс істейтін механикалық берілістері бар жоғары дәлдіктегі серво-престерге арналған заманауи бейімделгіш басқару жүйелерін жобалауда пайдалы болуы мүмкін.
Автор
А.Ж.Абекова
М.Ж.Куатова
Н.С.Камзанов
А.Ю.Бектилевов
DOI
https://doi.org/10.48081/WPKV1070
Кілтті сөздер
адаптивное управление
гибридный кривошипный пресс
обратная связь
математическая модель
, динамическая система
Жыл
2025
Нөмірі
Шығару 3
Дәйексөз үшін:
А.Ж.Абекова , М.Ж.Куатова, Н.С.Камзанов, А.Ю.Бектилевов ЕКІ ЕРКІНДІК ДӘРЕЖЕСІ БАР ГИБРИДТІ ИІНДІ ПРЕССКЕ АРНАЛҒАН СЕРПІМДІ БАЙЛАНЫСЫ БАР ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІН БАСҚАРУ // «Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы - 2025 - №3 - С. 8– 19. https://doi.org/10.48081/WPKV1070
Көшірілді!
ТҮЙІСТІРІП ДӘНЕКЕРЛЕНГЕН ҚОСЫЛЫСТАРДЫ АЙНА-КӨЛЕҢКЕ ӘДІСІМЕН САПАСЫН БАҚЫЛАУ
Аннотация
Бұл мақалада әртүрлі диаметрлі және әртүрлі материалдардан жасалған шыбықтардың түйістіріп дәнекерленген қосылыстарының сапасын зерттеу және бақылау жүргізілді. Шетелдік ғалымдар жүргізген ғылыми зерттеулерге талдау жүргізілді, оның нәтижелері түйістіріп дәнекерлеу әдісі біртекті, сонымен қатар, әртекті металл материалдарын біріктіру үшін кеңінен қолданылатынын көрсетті. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, түйістіріп дәнекерлеу, атап айтқанда балқытып дәнекерлеу, түйіспелі дәнекерлеудің жалпы көлемінің 40% - дан астамын құрайды. Өндірісте, атап айтқанда машина жасау және құрылыс кәсіпорындарында түйістіріп дәнекерлеуді пайдаланудың тиімділігі мен технологиялық мүмкіндігін арттыру қажеттілігі анықталды. Осы мақсатта А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы Халықаралық дәнекерлеу институтының зертханалық жағдайында түйістіріп дәнекерлеу тәсілімен әртүрлі материалдарды қосу бойынша бірқатар эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Түйістіріп дәнекерленген қосылыстың сапасын бақылау айна-көлеңкелі әдіспен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, балқыту арқылы түйіспелі дәнекерлеу кезінде қосылыстардың пайда болу кезеңдері, сонымен қатар, түйістіріп балқытып дәнекерлеу процесінің типтік циклограммасы қарастырылды. Түйістіріп дәнекерлеу арқылы алынған дәнекерленген қосылыстардың айна-көлеңке әдісімен бақылау нәтижелері тексерілген үлгілердің 95% - дан астамында дәнекерленген жіктерде ақаулар жоқ екенін көрсетті.
Автор
А.Б. Есиркепова
Н.Б. Абишева
А.К. Шеров
Н.Ж. Карсакова
С.И. Мендалиева
DOI
https://doi.org/10.48081/OCGR8081
Кілтті сөздер
дәнекерленген жіктің сапасы
түйістіріп дәнекерлеу
айна-көлеңкелі әдіс
ақаулар
град
төменгі беті
әртекті материалдар
Жыл
2025
Нөмірі
Шығару 3
Дәйексөз үшін:
А.Б. Есиркепова, Н.Б. Абишева, А.К. Шеров, Н.Ж. Карсакова, С.И. Мендалиева ТҮЙІСТІРІП ДӘНЕКЕРЛЕНГЕН ҚОСЫЛЫСТАРДЫ АЙНА-КӨЛЕҢКЕ ӘДІСІМЕН САПАСЫН БАҚЫЛАУ // «Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы - 2025 - №3 - 62 – 76 Б. https://doi.org/10.48081/OCGR8081
Көшірілді!
Co-Cr-Fe-Ni-Mn-Nb ЖҮЙЕСІНІҢ КЖЭҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ МОЛИБДЕННІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Бұл жұмыста Co-Cr-Fe-Ni-Mn-Nb жүйесіндегі квазижоғарыэнтропиялы қорытпаларға (ҚЖЭҚ) молибденнің (5%, 10% және 15%) мөлшерінің микроқұрылымға, қаттылыққа және ағындылыққа әсері зерттелді. Зерттеу мақсаты - таза металдарды ферроқорытпалармен ішінара алмастыру арқылы жоғары тиімді қорытпаларды арзандату. Эксперименттік үлгілер индукциялық балқыту әдісімен алынған, олардың құрылымы сканерлеуші электронды микроскопия, қаттылықты өлшеу және спиральды арнада ағындылыққа сынау арқылы зерттелді. Нәтижелерге сәйкес, молибден қоспасы қорытпаның қаттылығын айтарлықтай арттырады – 15% Mo кезінде қаттылық шамамен үш есеге өсті, бұл қатты ерітіндінің беріктігінің артуымен және, мүмкін, интерметаллдық фазалардың түзілуімен түсіндіріледі. Алайда, молибденнің артық мөлшері қорытпаның ағындылығын төмендетеді: 10% дейін ағындылық өзгерісі аз (4%), ал 15% Mo кезінде ағындылық 12% төмендеп, құймада ақаулар байқалды. Сондықтан күрделі пішінді құймаларды жасау үшін Mo мөлшерін 10% асырмаған жөн. Бұл жұмыс Қазақстандық шикізатты пайдалана отырып дәлме-дәл құюға арналған тиімді ҚЖЭҚ жасауда маңызды үлес қосады.
Автор
А.Р. Абильдина
DOI
https://doi.org/10.48081/VBZO5882
Кілтті сөздер
квазижоғарыэнтропиялық қорытпа
ағындылылық
молибден
қаттылық
микроқұрылым
құйма
ферроқорытпа
Жыл
2025
Нөмірі
Шығару 3
Дәйексөз үшін:
А.Р. Абильдина Co-Cr-Fe-Ni-Mn-Nb ЖҮЙЕСІНІҢ КЖЭҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ МОЛИБДЕННІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ // «Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы - 2025 - №3 - Р. 207 – 214. https://doi.org/10.48081/VBZO5882
Көшірілді!
ӘР ТҮРЛІ МОДИФИКАЦИЯДАҒЫ 40ХН3МФ БОЛАТТАҒЫ ФАЗАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
Аннотация
Thermo-Calc (2025 нұсқасы, TCFE13 дерекқоры) бағдарламалық кешенін пайдаланып, 40ХН3МФ маркалы құрылымдық легирленген болаттағы фазалық ауысулардың химиялық құрамын әртүрлі нұсқалар бойынша өзгерту термодинамикалық модельдеуі жүргізілді. Негізгі құрамға, 1,5% Mo қосылған болатқа және Cr, Ni, Si, Al легирлеуші элементтерінен әрқайсысы 0,4% мөлшерінде кешенді қосылған болатқа арналған политермиялық қималар тұрғызылып, талданды. Зерттеу молибден қосу карбидтік фазалардың (әсіресе, M₂₃C₆ және MC) термиялық тұрақтылығын арттыратынын, бұл қыздыру кезінде карбидтердің коалесценциясын тежей отырып, дисперсиялық бекіту мен тозуға төзімділікті көтеретінін анықтады. Кешенді легирлеуші элементтер, өз кезегімен, аустенит фазасының тұрақтылығын (Ni және Al әсерінен ерекше) арттырып, ірі карбидтер мен интерметаллды қосылыстардың түзілуін азайтып, құрылымның гомогенизациясы арқылы қорытпаның серпімділігін жоғарылатады. Жүргізілген фазалық ауысулардың талдауы толық аустениттену және негізгі карбидтік фазалардың еруі температуралық аралықтарын дәл анықтауға мүмкіндік берді. Бұл күйдіру және босату температурасын қоса алғандағы термиялық өңдеу режимдерін оңтайландырудың негізін қалады, нәтижесінде ұсақ түйірлі, берік және біртекті құрылым алынады. Модельдеу нәтижелері болат құрамын жобалауда және олардың жауапты түйіндердегі пайдалану қасиеттерін арттыру үшін термиялық өңдеу технологияларын әзірлеуде қолданыла алады.
Автор
А. А. Туганбаева
С. К. Аринова
Св. С. Квон
А. З. Исагулов
DOI
https://doi.org/10.48081/SBFK4865
Кілтті сөздер
болат
политермиялық кесінділер
модификаторлар
кристалдану
фаза
Жыл
2025
Нөмірі
Шығару 3
Дәйексөз үшін:
А. А. Туганбаева, С. К. Аринова, Св. С. Квон, А. З. Исагулов ӘР ТҮРЛІ МОДИФИКАЦИЯДАҒЫ 40ХН3МФ БОЛАТТАҒЫ ФАЗАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ // «Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы - 2025 - №3 - С. 334– 344. https://doi.org/10.48081/SBFK4865
Көшірілді!
ДИАМЕТРІ 125 ММ ҰНТАҚТАУ ШАРЛАРДЫ ИЛЕМДEУ АРҚЫЛЫ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Аннотация
Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешені үшін пайдалану қасиеттерінің деңгейі жоғарылатылған, диаметрі 125 мм ұнтақтау шарларды алудың технологиялық процесін жетілдіру бойынша компьютерлік модельдеу мен эксперименттік зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Әртүрлі сұрыптамадағы және қаттылықтағы ұнтақтау шарларға деген қажеттілік үнемі артып келеді. Қазіргі уақытта диаметрі 125 мм шарлар Қытайдан импортталады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында өндірілетін ұнтақтайтын денелердің номенклатурасын кеңейту өзекті үрдіс болып табылады. Шарларды өндірудің оңтайлы технологиялық процесін негіздеу кезіндегі айқындаушы тәсілдердің бірі шар илемдеу стан технологиялық құралының калибрленуін есептеу болып табылады. Жұмыста диаметрі 125 мм шарды илемдеуге арналған илемдеу біліктерінің калибрленуінің есебі келтірілген, бұл ретте біліктердің диаметрі 440–460 мм құрады. Компьютерлік модельдеу нәтижелері бойынша шарларды илемдеу кезінде деформациялар қарқындылығының аралықтың радиусына тәуелділігі анықталды. Алынған шарлардың қимасы бойынша механикалық сипаттамаларын, атап айтқанда қаттылығын салыстырмалы талдау қалыңдығы 20 мм негізгі беткі қабаттарының едәуір жоғары 55–58 НRС қаттылығы бар екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері бойынша шардың тікелей орталық аймағында қаттылықтың төмендеуі байқалмады, бұл ішкі ақаулардың жоқтығын және ішкі қабаттар металының жақсы сапасын көрсетеді.
Автор
А.В. Богомолов
А. Қ. Жүнісов
Ж.Б. Қажмұхамбетов
С.С. Спанов
А. Қ. Жүнісова
DOI
https://doi.org/10.48081/APSR7381
Кілтті сөздер
шар
илем
болат
калибрлеу
деформация қарқындылығы
қаттылық
Жыл
2025
Нөмірі
Шығару 3
Дәйексөз үшін:
А.В. Богомолов, А. Қ. Жүнісов, Ж.Б. Қажмұхамбетов, С.С. Спанов, А. Қ. Жүнісова ДИАМЕТРІ 125 ММ ҰНТАҚТАУ ШАРЛАРДЫ ИЛЕМДEУ АРҚЫЛЫ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ // «Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы - 2025 - №3 - С. 226 –235. https://doi.org/10.48081/APSR7381
Көшірілді!
СЫРТҚЫ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ФАСОНДЫ ДӨҢГЕЛЕК КЕСКІШТЕРДІҢ ПРОФИЛІН ЕСЕПТЕУ
Аннотация
Бұл мақалада сыртқы өңдеуге арналған фасонды дөңгелек кескіштердің профилін графо-аналитикалық тәсілмен есептеудің авторлық әдісі ұсынылады. Бұл әдіс есептеулерді жүйелеу және автоматтандыру мүмкіндігімен ерекшеленеді. Қолданыстағы тәсілдерден айырмашылығы, жаңа әдіс дөңгелек пішінді алдыңғы беті бар кескіштің профилін графикалық салулар мен аналитикалық формулалар арқылы есептеуге мүмкіндік береді. Әдіс кескіш профилінің үш проекциясын салу және негізгі әрі қосалқы геометриялық параметрлерді – ε және β бұрыштары, Aᵢ, Bᵢ, Cᵢ сызықтық шамалары мен Rᵢ радиустарын есептеуге негізделген. Графикалық бөлім 12 кезеңнен тұратын нұсқаулық түрінде ұсынылған, оған базалық сызықты салу, тораптық нүктелерді табу және фасонды кескіш жиегінің профилін қалыптастыру кіреді. Аналитикалық бөлім жеті кезеңнен тұрады және жобаланатын қашықтықтар, көлбеу бұрыштар мен кескіш радиустарын анықтау формулаларын егжей-тегжейлі сипаттайды. Ұсынылған әдіс жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді және қолмен де, бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы да жүзеге асырылады, әсіресе құралдың жеке геометриясын қажет ететін жағдайларда тиімді. Әдістеме Қазақстан Республикасының өндірістік салаларын құралдық қамтамасыз ету жобасы аясында апробациядан өтті және жоғары дәлдікті фасонды кескіштерді жобалау мен дайындауда қолдануға болады.
Автор
Б.К. Кайролла
Б.Н. Абсадыков
А.Ж. Касенов
А.В. Маздубай
Х. Макхамов
DOI
https://doi.org/10.48081/KSOW3486
Кілтті сөздер
фасонды кескіш
графо-аналитикалық есептеу
сыртқы өңдеу
құрал геометриясы
профиль радиусы
қайрау бұрыштары
Жыл
2025
Нөмірі
Шығару 3
Дәйексөз үшін:
Б.К. Кайролла, Б.Н. Абсадыков, А.Ж. Касенов, А.В. Маздубай, Х. Макхамов СЫРТҚЫ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ФАСОНДЫ ДӨҢГЕЛЕК КЕСКІШТЕРДІҢ ПРОФИЛІН ЕСЕПТЕУ // «Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы - 2025 - №3 - Р. 77 – 91. https://doi.org/10.48081/KSOW3486
Көшірілді!
ҚҰРАМА ҚҰРАЛМЕН БҰРАНДА КЕСУ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Аннотация
Мақалада СББ бар токарлық станокта біріктірілген құрал – тісті бұранда кескішті (резец-гребёнка) пайдалану арқылы бұранда кесу өнімділігін арттыру мәселесі қарастырылған. Аталған құрал бірнеше рет-ретімен орналасқан кесу тістерінен тұрады және олар бір өту барысында дәйекті түрде тесу мен бұранда кесуді (қара және таза өңдеуді біріктіру) қамтамасыз етеді. Эксперименттік зерттеулер диаметрі 30 мм болатын Ст20 болат дайындамаларында жүргізілді. Кесу жылдамдығы 40–70 м/мин аралығында, ал беріліс 0,12–0,18 мм/айн. шегінде өзгертілді. Бұл жағдайда бұранда кесу уақыты дәстүрлі резецпен 60 секундтан тісті ойғыш резецпен 32 секундқа дейін қысқарды. Оңтайлы кесу режимдерінде кесу қырларының тозуы 0,18 мм құрап, бұл классикалық құралмен салыстырғанда 28%-ға аз. Бұранда профилінің сапасы ГОСТ 24705-81 талаптарына сәйкес келеді және беттің кедір-бұдырлығы Ra 1,6 мкм-ден аспайды. Тісті ойғыш резец дірілді азайтып, тістер арасындағы жүктемені біркелкі бөлу арқылы құралдың қызмет мерзімін және өңдеу тұрақтылығын арттырады. Ұсынылатын оңтайлы режимдер – кесу жылдамдығы 60 м/мин, беріліс 0,15 мм/айн. Бұл технология бұранда кесу өнімділігін 40–47%-ға арттыруға, өзіндік құнын төмендетуге және құралдың қызмет мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл оны сериялық өндіріс үшін болашағы зор етеді.
Автор
Б. Ж. Кожагельдиев
A. Ж. Таскарина
Ж. К. Мусина
Ә. Ж. Жанкелді
Н. А. Бажаев
DOI
https://doi.org/10.48081/LMGF9953
Кілтті сөздер
тісті ойғыш резец
бұранда кесу
біріктірілген құрал
өнімділік
кесу режимдері
құрал тозуы
бұранда сапасы
металл өңдеу
Жыл
2025
Нөмірі
Шығару 3
Дәйексөз үшін:
Б. Ж. Кожагельдиев, A. Ж. Таскарина, Ж. К. Мусина, Ә. Ж. Жанкелді, Н. А. Бажаев ҚҰРАМА ҚҰРАЛМЕН БҰРАНДА КЕСУ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ // «Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы - 2025 - №3 - Р. 92 – 100. https://doi.org/10.48081/LMGF9953
Көшірілді!
ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЖЕМДІК ҚОСПАЛАР ИНГРЕДИЕНТТЕРІН АРАЛАСТЫРҒЫШТЫҢ КОНСТРУКЦИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ
Аннотация
Мақала сусымалы жем қоспасының ингредиенттерінің араласу дәрежесінің жаңа құрамдастырылған араластырғышта агроөнеркәсіптік өндіріс қалдықтары негізінде оларды кейіннен түзу және жем қоспаларына айналдыру, олардың біртектілігіне, араластыру сапасына, қоспаның көлемі бойынша таралу біркелкілігіне, микрокомпоненттердің қоспаның түзілу қабілетіне, престеуге жарамдылығына әсерін зерттеуге арналған. Әртүрлі жағдайларда сақтау кезінде қоспаның құрамдас бөліктерінің араласу дәрежесінің жемдік қоспалар мен жалап брикеттерінің сапасының өзгеруіне әсерін зерттеудің фрагменттері келтірілген. Азық қоспалары мен премикс ликтерінің компоненттерін араластыру процесінің кинетикасы зерттелді. Комбинирленген (композициялық) білікті араластырғышта ингредиенттерді араластырудың механикалық-математикалық моделі әзірленді. Тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері бойынша алынған азықтық қоспалар мен лик премикстерінің пішіні, мазмұны және қаттылығының бастапқы қоспаның құрамы мен біртектілігіне тәуелділігі келтірілген. Қолайсыз жағдайларға, ылғалдылыққа және қоршаған орта температурасына жемдік қоспалар мен премикс лайктары арқылы төзімділікті сақтау мүмкіндігі талданды. Аралас араластырғыш роторының рационалды айналу жиілігін таңдау әдісі әзірленді және оның бастапқы қоспаның біртектілігіне әсері анықталды. Алынған теориялық нәтижелерді растайтын және жабдықтың материалды тұтынуын және жалпы энергия шығындарын азайту үшін қоспаның құрамдас бөліктерін жемдік қоспалар мен премикс лайктарын дайындау үшін толық және қарқынды араластырудың тиімділігі мен орындылығын дәлелдейтін біріктірілген араластырғыштың тәжірибелік үлгісін тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері ұсынылған.
Автор
А.В. Вавилов
Г.А. Гурьянов
Б.А. Молдаханов
Е.А. Асангалиев
В.С. Яковлев
DOI
https://doi.org/10.48081/WRCO1955
Кілтті сөздер
араластырғыш
материалдарды араластыру
қоспаның біртектілігі
жемдік қоспалар
ас тұзы
премикстер
пробиотиктер
престеу
Жыл
2025
Нөмірі
Шығару 3
Дәйексөз үшін:
А.В. Вавилов, Г.А. Гурьянов, Б.А. Молдаханов, Е.А. Асангалиев, В.С. Яковлев ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЖЕМДІК ҚОСПАЛАР ИНГРЕДИЕНТТЕРІН АРАЛАСТЫРҒЫШТЫҢ КОНСТРУКЦИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ // «Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы - 2025 - №3 - С. 33 – 49. https://doi.org/10.48081/WRCO1955
Көшірілді!
ТЕМІР ЖОЛ ҚИСЫҚТАРЫНАН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚПЕН ӨТУ КЕЗІНДЕ ЖОЛАУШЫ ВАГОНЫНЫҢ ЕҢКЕЮІН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
Аннотация
Қисықтардағы жылжымалы құрам шанағының көлбеуін реттеу бірнеше мәселелерге алып келуі мүмкін, олар: тұрақтандырудың жеткіліксіздігі: қисықтардағы жылжымалы құрам шанағының қатты қисаюы жолаушыларға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін және кинетоз деп аталатын ауыр жағдайдың пайда болу қаупін арттырады; техникалық мәселелер: гидравликалық немесе пневматикалық жүйелер уақыт өте келе тозуы немесе сынуы мүмкін, бұл үнемі техникалық қызмет көрсетуді және бөлшектерді ауыстыруды қажет етеді. Мақалада теміржол желісінің қисық телімдерінде пойыздар қозғалысының жоғары жылдамдығын сақтау мәселелері қарастырылған. Пойыздың қозғалыс жылдамдығы жоғарылаған кезде қисық телімнен өту кезеңінде жолаушыларға теріс әсер ететін күштер синхронды түрде күшейеді. Теміржол желісінің қисық телімдерінен өту кезінде артық орталықтан тепкіш күші бар вагон бұрылу қисықтығына қатысты сыртқа қарай еңкейе бастайды, нәтижесінде жолаушылар ыңғайсыздықты сезінеді. Мақалада жолаушылар жылжымалы құрамының вагондарын жоғары жылдамдықта бұрылуды жүзеге асыру үшін теріс бағытта көлбеу күйге келтіру ұсынылады. Бұл ұсыныс вагон шанағының екі белгілі еңкейту жүйесінің – активті (мәжбүрлі) және пассивті (инерциялық) еңкейту жүйелердің артықшылықтарын біріктіруден тұратын техникалық шешімге негізделген. Бұл жағдайда еркін айналатын роликтерде орналасқан вагонның шанағына осы күштің артық мәнін өтей отырып, орталықтан тепкіш күшке қатысты кері бағытта айналмалы қозғалыс беріледі. Вагон шанағын бұру арбалардағы корпустың төменгі жағында орналасқан серво-жетектердің көмегімен жүзеге асырылады.
Автор
Устемирова Райгүл Серікқызы
DOI
https://doi.org/10.48081/INOW3160
Кілтті сөздер
жылдам қозғалыс
вагонның еңкею жүйелері
шанақтың еңкеюін реттеу
еңкею бұрышы
шанақтың бұрылу механизмі
Жыл
2025
Нөмірі
Шығару 2
Дәйексөз үшін:
Устемирова Райгүл Серікқызы ТЕМІР ЖОЛ ҚИСЫҚТАРЫНАН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚПЕН ӨТУ КЕЗІНДЕ ЖОЛАУШЫ ВАГОНЫНЫҢ ЕҢКЕЮІН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ // «Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы - 2025 - №2 - 458 – 471 Б. https://doi.org/10.48081/INOW3160
Көшірілді!
ШТАНГАЛЫҚ ҰҢҒЫМА СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ (ШҰСҚ) ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ДИНАМОМЕТРЛІК КАРТАЛАРЫН ТАЛДАУ
Аннотация
Мақалада штангілі ұңғымалық сораптық қондырғының әртүрлі жұмыс жағдайларын динамометриялық карталар арқылы талдау қарастырылады. Динамометриялық карталар штангілі сораптың жұмысын егжей-тегжейлі бақылауға мүмкіндік береді: газдың әсері, сұйықтық соққылары, клапанның герметикалығының бұзылуы, полирленген штоктың иілу әсері және штанганың үзілуі сияқты ақауларды анықтауға болады. Сұйықтық соққылары сорғының ығыстыру жылдамдығы мен резервуардан сұйықтық шығарылу өнімділігінің сәйкессіздігінен туындайды, бұл шамадан тыс перекачкаға алып келеді. Нәтижесінде сорғы механикалық зақымдануы мүмкін, себебі прогиб пен тозу артады. Жиі кездесетін ақаулардың бірі — бұл айдау клапанының немесе плунжердің герметикалық болмауы. Впусктық клапанның ағуы кезіндегі динамометриялық картаның пішінін түсіну үшін, ұңғыманың динамометриялық картасы жүктемені плунжердің үстіндегі орын ауыстыруға байланысты көрсететінін ескеру керек. Сондықтан, впусктық клапанның ағып кетуі плунжердегі жүктемеге оның әсерін көрсетеді. Насос ішінде газдың шамадан тыс жиналуы газды толығымен бітеп тастайтын жағдайға алып келуі мүмкін, мұнда газ сорғының жұмысын тоқтатып, впусктық және нагнетательдік клапандар жабық күйде қалады. Плунжердің төмен және жоғары орын ауыстыруы да осы жағдайға әсер етеді, себебі ағып кетулер клапандардың тиімді жұмысын бұзады және сорғының өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Ақауы бар жылтыратылған өзек әдетте оның иілуімен сипатталады. Бұл иілу ұңғыма сағасының өзегі мен май қорабы арасында айтарлықтай үйкеліс тудырады. Мұндай үйкеліс мұнайдың аузынан ағып кетуіне немесе тіпті жылтыратылған өзектің сынуына әкелуі мүмкін. Мұнайдың тұтқырлығының жоғарылауы проблемаларды тудыруы мүмкін, бұл сорғының жұмысын қиындатады, бұл "бітелген сорғы"әсерін тудырады.
Автор
М.М. Чажабаева
А.З.Букаева
А.С. Мадиярова
Г.С. Мамбеталиева
К.С. Рзаева
DOI
https://doi.org/10.48081/CSXI4465
Кілтті сөздер
сорғы
динамометр
плунжер
айдау клапаны
кіріс клапаны
сұйықтық
сорғы картасының пішіні
жылтыратылған шток.
Жыл
2025
Нөмірі
Шығару 2
Дәйексөз үшін:
М.М. Чажабаева, А.З.Букаева, А.С. Мадиярова, Г.С. Мамбеталиева, К.С. Рзаева ШТАНГАЛЫҚ ҰҢҒЫМА СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ (ШҰСҚ) ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ДИНАМОМЕТРЛІК КАРТАЛАРЫН ТАЛДАУ // «Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы - 2025 - №2 - Р. 202 –217. https://doi.org/10.48081/CSXI4465
Көшірілді!