АТМОСФЕРАДАН ОҚТЫН-ОҚТЫН АЖЫРАТЫЛАТЫН АВТОМОБИЛЬ МОТОРЫНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫН НЕГІЗДЕУ
Аннотация
Мақалада піспект іштен жану моторынан сыртқа шығатын газдың улағыштығын азайтудың белгілі әдісі – газдың біраз бөлігін цилиндрге қайтару, яғни рециркуляция тәсілін басқа мақсатта қолдану туралы сөз болады. Бұған дейін рециркуляция тек мотордың күшсалмақ режимінде азот тотығының NО түзілу қарқынын шектеу үшін ғана қажет болатын. Қала көшелерінде автомобильді баяулату режимінің ерекше түрі – мотордың көмегімен баяулату да кездеседі. Мотор мен трансмиссия ажыратылмағандықтан мотор ырықсыз бос жүріс режиміне көшеді де, жану процесінің қалыпты жағдайдан ауытқуы салдарынан газ құрамында көмірсутектілер СН мөлшері күрт артады. Аталмыш режимде мотор қуат көзінен уақытша тежегіш құралға айналады, себебі автомобильдің кинетикалық энергиясы негізінен мотордың ішкі үйкеліс күшін еңсеруге жұмсалады. Демек осы мерзім ішінде мотордағы газ алмасу үдерісін рециркуляция әдісінің көмегімен тұйық циклге көшіру әбден мүмкін. Нәтижесінде автомобиль моторы қолданыс уақытының кейбір тұстарында атмосферадан ажыратылатын болады. Газды рециркуляциялау және оны басқару жүйелерінің жалпы сұлбасы белгілі, бірақ оны жаңаша мақсатта қолдану үшін біршама өзгеріс қажет етеді. Бұл әдісті NО және СН компоненттерінің сыртқа шығуын азайту үшін екі мақсатта қолдануға болатынын да ескерген жөн.
Автор
Е. К. Ордабаев
Н. С. Сембаев
С. И. Ахметов
А. Д. Сулейменов
А.М. Жакупов
DOI
https://doi.org/10.48081/KBQZ5770
Ключевые слова
автомобильді мотормен тежеу
ырықсыз бос жүріс
көмірсутектілер шығарылымы
газды рециркуляциялау
газалмастырудың тұйық циклі
Год
2022
Номер
Выпуск 2
Для цитирования:
Е. К. Ордабаев, Н. С. Сембаев, С. И. Ахметов, А. Д. Сулейменов, А.М. Жакупов АТМОСФЕРАДАН ОҚТЫН-ОҚТЫН АЖЫРАТЫЛАТЫН АВТОМОБИЛЬ МОТОРЫНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫН НЕГІЗДЕУ // Научный журнал «Наука и техника Казахстана» - 2022 - №2 - С. 15–140. https://doi.org/10.48081/KBQZ5770
Скопировано!