Ешкі сүтінен алынған ақуызды өнімнің сақтау қабілетілігін зерттеу
Аннотация
Бұл мақалада сақтау процесінде дайын өнімдегі шикізаттың тағамдық және биологиялық құндылығын барынша сақтауды қамтамасыз ететін, отандық тұқымды ешкілердің сүтін өңдеудің әртүрлі әдістерінің оның қасиеттеріне әсерін анықтау бойынша жүргізілген ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері жарияланған.
Павлодар аймағында ешкілердің негізгі саны Таулы Алтай пуховая, зааненская сияқты тұқымдармен ұсынылған, жергілікті байырғы тұқымды ешкілер көп.
Алайда ешкі сүтінің технологиялық ерекшеліктерін, шикізаттың, технологиялық параметрлердің, аппаратуралық ресімдеудің дайын өнімнің сапасына әсерін ашатын зерттеулер шектеулі сипатқа ие және оның негізінде өнімдердің тиімді өндірісін құруға мүмкіндік бермеді.
Ақуыз өнімдерінің, жануарлардан алынатын басқа да тамақ өнімдері сияқты, өндірушіден сатып алушыға дейінгі тізбекте сақталу қабілеттілігі көптеген қатерлермен, бірінші кезекте микробиологиялық қатерлермен байланысты. Белгілі бір көрсеткіштері бар өнім ретінде ақуыз өнімін қалыптастыру күрделі биохимиялық үрдістерде шағынағзалардың қатысуымен жүзеге асырылады. Сүт қышқылды микрофлора сүттің компоненттерін өнімнің органолептикалық көрсеткіштерін, оның қоректік және биологиялық құндылығын тудыратын қосылыстарға түрлендіреді, адам денсаулығына қауіпті микроорганизмдердің дамуы үшін қолайлы жағдай жасайды.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, сақтау процесінде органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық сапа көрсеткіштерінің өзгеру динамикасын талдау арқылы ақуыз өнімінің жарамдылық мерзімі анықталды.
Автор
Искакова Б. Б.
DOI
https://doi.org/10.48081/GCAY2266
Ключевые слова
ешкі сүті, термиялық өңдеу режимдері, ашытқы дақылдары, коагуляция, синерезис, ақуыз өнімі, пісетін және сақталатын жағдайлар, сақтау қабілеті
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
Искакова Б. Б. Ешкі сүтінен алынған ақуызды өнімнің сақтау қабілетілігін зерттеу // Научный журнал «Наука и техника Казахстана» - 2022 - №1 - С. 99-107. https://doi.org/10.48081/GCAY2266
Скопировано!