Автомобильдердің газбаллонды жабдықтарын техникалық пайдалануды жетілдіру
Аннотация
Бұл мақалада ГБЖ-ны техникалық пайдалану кезіндегі технологиялық процестерді теориялық зерттеу ұсынылған. Автомобиль көлігінің қоршаған ортаға және адамға теріс әсерін азайту басты мақсаттардың бірі болып табылады, сонымен қатар автомобильді техникалық пайдалану және жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, сақтауды және май құюды нормативтік-техникалық қамтамасыз етуді талап етеді.
Сұйытылған көмірсутек газдары ағызу технологиялық процесінің негізгі параметрлері сұйық фазаны ағызу үшін қажетті уақыт пен қысым болып табылады. Бұл фазалар СКГ-ны автомобиль газ баллонынан толық ағызу ұзақтығын, яғни автомобильдің ағызу орнында болу уақытын анықтайды.
Автомобиль газ баллонынан СКГ ағызудың технологиялық процесінің параметрлерін анықтау бойынша эксперименттік зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Сынақ жүргізу үшін эксперименттік қондырғы жасалды.
Эксперименттік қондырғыға мультиклапанмен жабдықталған автомобиль газ баллонынан СКГ ағызу бекеті және СКГ ағызу магистралі кіреді.
Эксперименттердің міндеттері: СКГ ағызу бекетінің ұсынылған нұсқасының және мультиклапанмен жабдықталған автомобиль газ баллонынан газды ағызу магистралінің жұмысқа қабілеттілігін бағалау; СКГ ағызу технологиялық процесі параметрлерінің қоршаған орта температурасынан өзгеруін зерттеу; эксперимент нәтижелері бойынша математикалық модельді тексеру.
Автор
Б.Д.Каббасов
DOI
https://doi.org/10.48081/IEEK7871
Ключевые слова
ГБЖ
Газбаллонды автомобиль
Техникалық қызмет көрсету
газ ағызу
нормативтік құжаттар
Год
2022
Номер
Выпуск 3
Для цитирования:
Б.Д.Каббасов Автомобильдердің газбаллонды жабдықтарын техникалық пайдалануды жетілдіру // Научный журнал «Наука и техника Казахстана» - 2022 - №3 - С. 130–139. https://doi.org/10.48081/IEEK7871
Скопировано!